Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 19 наурызына белгіленген Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуді Қазақстан Республикасының заңнамасында тәртіппен тіркелген, тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, заңды тұлғалар жүзеге асыра алады.
Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауалнамаға қатысатын және осы салада тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауалнама жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Сайлауға, бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-платформаларда сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауалнама нәтижелерін жариялау кезінде сауалнама жүргізген заңды тұлғаны, сауалнама жүргізуге тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауалнама жүргізу уақытын, жинау әдісін көрсету міндетті.
Дауыс беру күніне бес күн қалғанда (2023 жылдың 14 наурызынан 18 наурызына дейін) қоғамдық пікірге сауалнама нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, кандидаттарды немесе саяси партияларды қолдауға, өзге де зерттеулерді интернетте жариялауға жол берілмейді.
Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу шарттарын бұзу адамды әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болады (ӘҚБтК-нің 120-бабы).
Бұған дейін Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылдың 19 наурызында өтетіні хабарланған еді.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдеме жасаған.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған еді.
Кейін Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды.
Қостанайда пиязды заңсыз әкетпек болғандар анықталды
Қоғам • Бүгін, 11:20
Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 11:11
Астана халықаралық форумы 8-9 маусымда өтеді
Елорда • Бүгін, 10:53
Түркияның орталығында жаңа жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 10:32
Семейдегі коммуналдық апат: 16 аула мен 6 үйді су басып қалды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Қазақстанның құтқарушылар жасағы Түркияға аттанды
Қазақстан • Бүгін, 10:18
ОСК-ға қандай партиялар құжат тапсырды?
Қоғам • Бүгін, 10:01
Биыл 1,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Қоғам • Бүгін, 09:56
Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
Оқиға • Бүгін, 09:45
Түркияда ұлттық аза тұту күні жарияланды
Әлем • Бүгін, 09:33
Екі сәбиін сатты деген күдікті әйел анықталды
Оқиға • Бүгін, 09:21
Түркия мен Сириядағы құрбандар саны 3500 адамнан асты
Әлем • Бүгін, 09:13
7 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:08
Коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Саясат • Бүгін, 08:58
Субсидия: онлайн алудың жолы оңай болмай тұр
Субсидия • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:50
Еңбек • Бүгін, 08:45
Төтенше жағдай • Бүгін, 08:40
Татами табандылықты талап етеді
Спорт • Бүгін, 08:35
Ауыл • Бүгін, 08:30
Аймақтар • Кеше
Ғылым • Кеше
Партия • Кеше
Отбасы • Кеше
Әлем • Кеше
Жеңілдетілген автонесие: кезекке тұрудың әлегі
Несие • Кеше
Гарвардтағы қазақ ғалымының жобасы
Ғылым • Кеше
Қоғам • Кеше
Құқық • Кеше
Аймақтар • Кеше
Төтенше жағдай • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Жалпыұлттық деңгейге көтерілген газет
Тарих • Кеше
Ахмет Жұбановтан бата алған дарын
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Алматы облысының аты озған спартакиада
Спорт • Кеше
Ұқсас жаңалықтар