Қазақстанда «Экспорттық акселерация-2023» бағдарламасына қатысу, отандық тауар өндірушілерді Alibaba халықаралық электрондық платформасына шығару, сондай-ақ халықаралық сауда іс-шараларына қатысу үшін кәсіпкерлерді іріктеу басталмақ. Жобаларды Сауда және интеграция министрлігі QazTrade-мен бірлесіп жүзеге асырып жатыр.

Биыл «Экспорттық акселерация» бағдарламасы аясында экспорттық әлеуеті жоғары 110 қазақстандық компания іріктелмек. Бизнес өкілдерінің өтінімдері 2023 жылғы 23 қаңтардан бастап қабылдана бастайды. «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы бас директорының орынбасары Әсел Егембердиеваның айтуынша, қатысушыларды «экспортқа жаңадан келгендер» және «белсенділер» деп екі топқа бөлу көзделіп отыр.
– «Жаңадан келгендерге» экспортқа шығуға дайындық үшін оқыту шеберлік сыныптары өткізіледі, қадамдық нұсқаулықтар мен ұсынымдар әзірленеді. Сондай-ақ тәжірибелі мамандар өз бизнесіне диагностика жасайды және тауар өндірушілерге ең тиімді өткізу нарығын ұсынады. Дәстүрлі түрде кәсіпкерлер үшін қазақстандық экспорттаушыларды қолдайтын халықаралық консультанттармен, мемлекеттік ведомстволармен кездесулер ұйымдастырылады, – дейді Әсел Егембердиева.
Өз кезегінде жұмыс істеп тұрған экспорттаушы компаниялар белсенді В2В келіссөздерге қатыса алады, соның ішінде оларды жүргізу ережелерін үйренеді. Жыл бойы кәсіпкерлер QazTrade сарапшылары мен халықаралық талдаушылардың сүйемелдеуімен іскер серіктестермен кездеседі.
2023 жылы Қазақстанда шығарылған тауарлар үшін басым нарықтардың тізбесі айтарлықтай кеңейді. Ресей, Қытай, Өзбекстан, Әзербайжан сияқты қазақстандық экспортқа арналған дәстүрлі елдерден басқа отандық тауар өндірушілерге Түркия, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Вьетнам нарықтары ұсынылатын болады.
Отандық өндірушілер Alibaba халықаралық сауда алаңы арқылы да жаңа нарықтарды игеруде тегін көмек ала алады. Экспорттаушыларды қолдау шаралары ретінде 70 отандық компанияға осы платформада 1 жыл мерзімге «Gold Supplier» мәртебесі бар аккаунт беріледі. Арнайы өнім берушінің мәртебесі кәсіпкерлерге жаһандық аудиторияға қол жеткізуге және тауарлардың шетелде танылуын арттыруға мүмкіндік сыйлайды.
«Экспорттаушыларды сервистік қолдау шеңберінде 10 елде сауда-экономикалық миссиясын өткізу, бірыңғай ұлттық стенд форматында халықаралық көрмелерде экспорттық әлеуетті таныстыру жоспарланған. Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті импорттаушылар, трейдерлер мен дистрибьюторлар арасында тікелей байланыс орнату және сауда қатынастарын жандандыру», деп мәлімдеді министрлік.
2022 жылдың қорытындысы бойынша QazTrade бағдарламаларына қатысушылар 700 млн доллардан астам сомаға тауарлар мен қызметтерді жеткізуге ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасты. Олардың өнімдері бүгінде Ресей, Қытай және Орталық Азия, Таяу Шығыс елдерінің нарықтарына сәтті экспортталып жатыр.
Түркияның орталығында жаңа жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 10:32
Семейдегі коммуналдық апат: 16 аула мен 6 үйді су басып қалды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Қазақстанның құтқарушылар жасағы Түркияға аттанды
Қазақстан • Бүгін, 10:18
ОСК-ға қандай партиялар құжат тапсырды?
Қоғам • Бүгін, 10:01
Биыл 1,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Қоғам • Бүгін, 09:56
Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
Оқиға • Бүгін, 09:45
Түркияда ұлттық аза тұту күні жарияланды
Әлем • Бүгін, 09:33
Екі сәбиін сатты деген күдікті әйел анықталды
Оқиға • Бүгін, 09:21
Түркия мен Сириядағы құрбандар саны 3500 адамнан асты
Әлем • Бүгін, 09:13
7 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:08
Коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Саясат • Бүгін, 08:58
Субсидия: онлайн алудың жолы оңай болмай тұр
Субсидия • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:50
Еңбек • Бүгін, 08:45
Төтенше жағдай • Бүгін, 08:40
Татами табандылықты талап етеді
Спорт • Бүгін, 08:35
Ауыл • Бүгін, 08:30
Аймақтар • Кеше
Ғылым • Кеше
Партия • Кеше
Отбасы • Кеше
Әлем • Кеше
Жеңілдетілген автонесие: кезекке тұрудың әлегі
Несие • Кеше
Гарвардтағы қазақ ғалымының жобасы
Ғылым • Кеше
Қоғам • Кеше
Құқық • Кеше
Аймақтар • Кеше
Төтенше жағдай • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Жалпыұлттық деңгейге көтерілген газет
Тарих • Кеше
Ахмет Жұбановтан бата алған дарын
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Алматы облысының аты озған спартакиада
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Ұқсас жаңалықтар