Қазақтың этнографиялық құндылығын танытатын жәдігердің қатарында қолөнер шеберлерінің тоқыма бұйымдары да бар. Соның дәлеліндей, көнеден жеткен қоржындардың бір тобы қазір Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақтаулы тұр. Өткен аптада музей қызметкерлері 20-ға жуық қоржынды жұртшылық назарына ұсынды.

Экспозицияға қойылған алуан түрлі қоржынның бірі киізден, кейбірі түкті кілемнен жасалған. Пішіні әртүрлі қоржындар шаруашылық, тұрмыстық мақсатта қолданылған. Мәселен, мемлекет қайраткері, ұлттық өнердің жанашыры Иманғали Тасмағамбетов 1999 жылы сыйға тапсырған қоржын жүннен түксіз етіп тоқылған. Төртбұрышты, қызыл-қоңыр түсті бұл қоржынның бетінде өрнегі, етегінде шашағы бар.
Тағы бір қоржынды 1978 жылы Жылыой ауданындағы Қосшағыл ауылының тұрғыны Жаңылсын Тағанова музей қорына тапсырған. Жергілікті қолөнер шебері иірілген жүннен тоқылған қызыл түсті қоржынға ромбик тәрізді бірнеше өрнек салған.
Халқымыз көнеден жеткен этнографиялық құндылық санатындағы қоржынды құдайындай сыйлайтын құдасына арнаған. Сондай ерекше қоржынның бірін қолөнер шебері Әзима Жамамбаева 1990 жылы тоқыған екен. Құда қоржыны бетіне қызыл, жасыл, көк, сары жіптерден жүз теру өрнегімен тоқылған. Екі қалталы, ортасынан байлайтын жібі бар. Бұл туынды 2007 жылдан бері музейдің жәдігеріне айналған.
Ал 1931 жылғы ашаршылық кезінде Қарақалпақстанға көшіп кеткен қандасымыз, қолөнер шебері Балкүнше Құрманқызының туындысын немересі көздің қарашығындай сақтап келген. Сәндібай Құлмышев он саусағынан өнер тамған әжесінің бұйымын жоғалтпай, 2017 жылы музей қорына тапсырыпты.
Атырау облысы
Астана халықаралық форумы 8-9 маусымда өтеді
Елорда • Бүгін, 10:53
Түркияның орталығында жаңа жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 10:32
Семейдегі коммуналдық апат: 16 аула мен 6 үйді су басып қалды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Қазақстанның құтқарушылар жасағы Түркияға аттанды
Қазақстан • Бүгін, 10:18
ОСК-ға қандай партиялар құжат тапсырды?
Қоғам • Бүгін, 10:01
Биыл 1,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Қоғам • Бүгін, 09:56
Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
Оқиға • Бүгін, 09:45
Түркияда ұлттық аза тұту күні жарияланды
Әлем • Бүгін, 09:33
Екі сәбиін сатты деген күдікті әйел анықталды
Оқиға • Бүгін, 09:21
Түркия мен Сириядағы құрбандар саны 3500 адамнан асты
Әлем • Бүгін, 09:13
7 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:08
Коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Саясат • Бүгін, 08:58
Субсидия: онлайн алудың жолы оңай болмай тұр
Субсидия • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:50
Еңбек • Бүгін, 08:45
Төтенше жағдай • Бүгін, 08:40
Татами табандылықты талап етеді
Спорт • Бүгін, 08:35
Ауыл • Бүгін, 08:30
Аймақтар • Кеше
Ғылым • Кеше
Партия • Кеше
Отбасы • Кеше
Әлем • Кеше
Жеңілдетілген автонесие: кезекке тұрудың әлегі
Несие • Кеше
Гарвардтағы қазақ ғалымының жобасы
Ғылым • Кеше
Қоғам • Кеше
Құқық • Кеше
Аймақтар • Кеше
Төтенше жағдай • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Жалпыұлттық деңгейге көтерілген газет
Тарих • Кеше
Ахмет Жұбановтан бата алған дарын
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Алматы облысының аты озған спартакиада
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар