Теннис • 24 Қаңтар, 2023

Елена Рыбакинаның жартылай финалдағы қарсыласы анықталды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакинаның Australian Open 2023 турнирінің жартылай финалындағы қарсыласы анықталды. Бұл Мельбурн корттарында екі рет жекелей сында (2012 және 2013) жеңіске жеткен Беларусь өкілі Виктория Азаренка, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакинаның жартылай финалдағы қарсыласы анықталды

Виктория Азаренка AusOpen турнирінің екінші ширек финалында әлемнің үшінші ракеткасы америкалық Джессика Пегуладан 6:4, 6:1 есебімен басым түсті. Беларусь теннисшісі осы турнирдегі ең атақты және тәжірибелілердің бірі. Бір кездері ол әлемнің бірінші ракеткасы болса, қазір әйелдер рейтингінде 24-орында тұр.

Азаренко Максим Мирныймен аралас жұпта 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, сондай-ақ жекелей сында қола жүлдегер атанған. Үш рет АҚШ-тың ашық біріншілігінде жекелей сында финалист, аралас жұпта екі Үлкен дулыға турнирінің жеңімпазы болған. Сонымен қатар 30 WTA турнирінде жеңіске жетті.

Елена Рыбакина мен Виктория Азаренко арасындағы AusOpen 2023 жартылай финалы бүгін өтеді.