Аймақтар • 23 Қаңтар, 2023

«Үшарал-Достық» тасжолында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алакөл ауданындағы «Үшарал-Достық» автожолында ауа райының қолайсыздығына байланысты қар құрсауында қалған 9 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Үшарал-Достық» тасжолында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

«Бүгін таңғы сағат 9.00-де «Ырғайты» учаскесінен 3 автокөліктің салонынан 9 адам құтқарылып, Достық станциясына жеткізілді. Құтқарылғандардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, 22 қаңтар күні сағат 18.00-де ауа райының нашарлауына байланысты жол қызметтерімен «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолында барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысты жабу туралы шешім қабылданды.

Қар құрсауына түскен автокөліктер жол жабылғанға дейін осы автожолға шығып кеткені анықталды.

 

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40