Футбол • 23 Қаңтар, 2023

Асхат Тағыберген «Тобыл» клубынан кетті

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Клуб басшылығы мен жаттықтырушылар штабы жартылай қорғаушы Асхат Тағыбергенге клубқа қосқан еңбегі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асхат Тағыберген «Тобыл» клубынан кетті

«Футболшы келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты басқа командаға ауысады. Былтыр Асхат команданың нағыз үздік ойыншысы болды. Жартылай қорғаушының шебер іс-қимылдары арқылы сары-жасылдардың ойыны жүрді, ал оның алыстан бағыттайтын соққылары әрдайым сәтті өтетін», делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Асхат Тағыберген «Тобыл» сапында 76 матчта ойнап, 16 гол соқты. «Тобылмен» бірге ол чемпионаттың екі медалін жеңіп, Olimpbet-Суперкубогының екі мәрте иегері атанды.

Айта кетейік, енді Асхат Тағыберген Шымкенттік «Ордабасы» клубына ауысады.