Аймақтар • 23 Қаңтар, 2023

Екібастұздағы бірқатар үйде уақытша жылу болмайды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Екібастұзда бес учаскеде уақытша жылу желілері өшіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұздағы бірқатар үйде уақытша жылу болмайды

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мәліметінше, жылу жөндеу жұмыстарына байланысты сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін ажыратылады. Атап айтқанда, Рабочая, 9, 11, Трудовая, 7, 10, 12, Заводская, 8, 10, 10а, 12, 12а, 14, 14а көшелерінің бойындағы жеке тұрғын үйлерге жылу берілмейді. 

Бұдан бөлек, жедел бригадалар таңертең кварталішілік жылу желілеріндегі тағы үш учаскеде ақауды жою бойынша жұмыс істеп жатыр.

«Бұқар жырау – Казахстанская қиылысында сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін 49 жеке тұрғын үйге жылу берілмейді. Шахтостройтельный өткелі, 3 мекенжайы бойынша сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін жеке тұрғын үйлерде жылу сөндіріледі. Шахтостройтельный өткелі, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15,  Энтузиастар көшесі, 2, 6, 8, 10, 12, 14, 16. Рабочая көшесі, 1 мекенжайы бойынша сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін Рабочая көшелері, 1, 3, Заводская, 2, 2а, 4, 4а, 6 бойындағы жеке тұрғын үйлерде жылу болмайды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ құбырдың бір бөлігін ауыстыру үшін 23 қаңтарда сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін Тепличный  өткелі, 14 мекенжайындағы жылу желісі жабылады. Осыған байланысты 48 жеке тұрғын үйде жылу берілмейді.