Теннис • 23 Қаңтар, 2023

Елена Рыбакина ширек финалға шыға алмады

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шыға алмай қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина ширек финалға шыға алмады

Қазақстан теннисшісі ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге үшінші айналымда осы «Үлкен дулыға» турнирінің 10-ракеткалары, жапониялықтар Сухо Аояма – Эна Шибахарамен шеберлік байқасты. Жапониялық жұп 6:2, 7:6 (9:7) есебімен жеңіске жетті.

Елена Рыбакина енді жекелей сында ғана жарыс жолын жалғастырады. Ол ертең әлемнің 17-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.