Руханият • 20 Қаңтар, 2023

Жеті мың тарихи құжат шетелден елге қайтарылды

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылы 7000 тарихи құжат шетелден Қазақстанға қайтарылды. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында министр Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеті мың тарихи құжат шетелден елге қайтарылды

Құнды жәдігерлерде еліміздің тарихы туралы ақпарат бар. Олармен қазір тарихшылар мен ғалымдар жұмыс істеп жатыр. Құжаттар Венгрия, Германия, Италия сияқты Еуроодақ елдерінен әкелінген.

Сонымен қатар Асхат Оралов өткен жылы Мәдениет және спорт министрлігінің жүйелі жұмысының нәтижесінде 18 археологиялық зерттеу жүргізіліп, еліміздің түрлі өңірлерінде 30 ескерткіш қалпына келтірілгенін атап өтті. Олардың ішінде атап айтқанда Әзірет Сұлтан музей-қорығы, Отырар қалашығы, Жаркент мешіті, Ботай қонысы, Бөкей Ордасы, Ахмет Байтұрсынұлы мүзей-үйі, Бекет ата жер асты мешіті нысандары бар.

«Министрлік шетелден әкелінген тарихи құжаттардағы ақпараттың ғалымдардың зерттеулерінен кейін жария болуы үшін жұмыс жүргізетін болады. Бұл көзі қарақты оқырмандарымыздың еліміздің тарихы туралы жаңа білім алуы үшін өте маңызды. Сонымен қатар министрлік сапалы кітаптар шығаруға ерекше көңіл бөледі. 2022 жылы өңірлерге 506 мың дана кітап жіберілді. Биыл бұл бағыттағы жұмыс күшейтіледі. Біз еліміздің кітапханаларын сапалы әдебиеттермен қамтамасыз ететін боламыз», деді министр.