Үкімет • 20 Қаңтар, 2023

Жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығару әрекеттеріне бақылау күшейеді

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығару әрекеттеріне бақылау күшейеді

Кеңеске қатысушылар жанар-жағармай материалдары нарығындағы қазіргі ахуалды және қолданыстағы реттеу механизмдерінің тиімділігін талқылады. Шекарада дизель отыны мен бензинді басқа мұнай өнімдерінің түрлері ретінде (мазут, пеш отыны, еріткіштер және т.б.) заңсыз шығару әрекеттері орын алып жатқаны айтылды.

Премьер-министр Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, әсіресе көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу кезеңінде отынды елден заңсыз шығару фактілеріне бақылауды күшейту және ондай жағдайлардың жолын кесу жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды.

Отырыста мұнай-газ саласының басқа да өзекті мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50