Аймақтар • 20 Қаңтар, 2023

ШҚО тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында 20-23 қаңтар аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мәліметінше, қалың қар жуғаннан кейін немесе қатты аяздан соң көшкін қаупі арта түседі.

Өңірде қар көшкіні жиі болатын 497 жер бар. Әсіресе автожол бойындағы учаскелер аса қауіпті. Атап айтқанда, Өскемен-Самар, Өскемен-Алтай, Согорное-Барлық, Берел-Рахманов қайнары (Катонқарағай ауданы), Зубовка-Путинцево, Лениногорск-Чекмар кеніші.

Сондай-ақ көшкін қаупі бар аймақта орналасқан 5 демалыс кешені бар. Оның екеуі Риддер қаласында, үшеуі Таулы Үлбіде.