Қоғам • 19 Қаңтар, 2023

Полиция Рамиль Мухоряповқа қатысты істі тоқтатты

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Choco холдингінің басшысы, кәсіпкер Рамиль Мухоряповқа қатысты іс тоқтатылды. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Полиция Рамиль Мухоряповқа қатысты істі тоқтатты

Бұған дейін Алматы қалалық Полиция департаменті Рамиль Мухоряповтың сөзіне сүйеніп, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық және діни араздықты қоздыру фактісін тексеру үшін сотқа дейінгі тергеуді бастаған еді.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық қудалау органы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабының 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты істі тоқтату туралы процессуалдық шешім қабылдады. Алматы қаласының прокуратурасы процессуалдық шешіммен келісті», деді Алматы қаласы прокурорының орынбасары Нұрлан Ауғанбаев.

Еске сала кетсек, өткен жылдың қазан айында кәсіпкер, Choco холдингінің басшысы Рамиль Мухоряпов Ресейден көшіп келгендермен кездесуінде қазақ тіліне қатысты сөз айтып, басы дауға қалған еді. Желі қолданушылары Мухоряповтың бұл қылығын теріс қабылдап, айыптаған. Кейінірек Рамиль Мухоряпов Қазақстан халқынан кешірім сұрап, арнайы видеоны желіге жүктеген.

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025