Саясат • 17 Қаңтар, 2023

Қазақстан елшісі Грузия президентіне сенім грамоталарын тапсырды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның елшісі Мәлік Мырзалин Орбелиани сарайында Грузия президенті Саломе Зурабишвилиге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан елшісі Грузия президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Кездесу барысында елші Грузия президентіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді. Қазақстан Грузиямен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, оның ішінде сауда-экономикалық және көліктік-логистикалық өзара іс-қимылды жандандыруға зор мән беріп отырғанын хабарлады.

Өз кезегінде Грузия президенті Қазақстан Грузияның маңызды және сенімді серіктесі екенін атап өтті.

Қазақстан елшісі Грузия басшысын елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен таныстырды.

Президент С. Зурабишвили Қазақстан Президентінің бастамашылығымен жүргізіліп жатқан оң өзгерістерге жоғары баға берді.

Сұхбат барысында барлық өзара тиімді салаларда екіжақты байланыстарды одан әрі жан-жақты кеңейтуге және тереңдетуге деген ортақ мүдделілік атап өтілді.

Кездесу соңында Грузия президенті Қазақстан елшісін ресми қызметке кірісуімен құттықтап, екі ел арасындағы қатынасты одан әрі нығайту жолындағы жұмысына табыс тіледі.