Қазақстан • 17 Қаңтар, 2023

Румынияда күйші Құрманғазының бюсті ашылады

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл мәселені Қазақстанның елшісі Нұрбах Рүстемов Румыния Премьер-министрінің Мемлекеттік кеңесшісі Юлиан Кифумен кездесуінде талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Румынияда күйші Құрманғазының бюсті ашылады

Келіссөз барысында қазақстандық дипломат еліміздегі ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанды» құруға бағытталған реформалары мен бастамаларын жүзеге асыру барысы жайында баяндады.

Тараптар энергетика, көлік және логистикалық ынтымақтастыққа ерекше назар аудара отырып, екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен оларды тереңдету перспективаларын талқылады.

«Румыния Премьер-министрінің Мемлекеттік кеңесшісі Қазақстан екіжақты форматта да, ЕО-Қазақстан бағыты бойынша да Румынияның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі екенін атап өтті. Бұл ретте Мемлекеттік кеңесші Премьер-министр кеңсесі елшіліктің бастамаларын қолдайтынын және екі жаққа да тиімді, әсіресе сауда-экономикалық саладағы жобаларды жандандыруға көмектесуге дайын екенін жеткізді», деп жазылған Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ олар мәдени шаралардың жүзеге асырылуын, атап айтқанда, Румынияда қазақтың ұлы композиторы Құрманғазының және Қазақстанда румынның ұлы композиторы Джордж Энеску бюстілерінің ашылуын талқылады.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50