Аймақтар • 16 Қаңтар, 2023

Өскеменде есірткі тасымалымен айналысқан ер адам ұсталды

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде тәртіп сақшылары ірі есірткі жеткізу арнасын жойып, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде есірткі тасымалымен айналысқан ер адам ұсталды

фото: polisia.kz

Өскемен қалалық әкімдігі криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 28 келіден астам тыйым салынған заттарды тәркіледі. Мәселен, 6 қаңтарда қаладағы үйлердің бірінің ауласында тәртіп сақшылары мемлекетаралық іздеуде жүрген 39 жастағы азаматты ұстады. 

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында 790 дана қоңыр-жасыл түсті, ерекше иісі бар өсімдік заты бар бумаларды тапты.

Сараптама қорытындысына сәйкес, күдікті өз пәтерінде 28,3 келі кептірілген марихуана сақтаған. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыскер 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.