Теннис • 16 Қаңтар, 2023

Елена Рыбакина Australian Open турнирін жеңіспен бастады

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Аустралиядағы ашық чемпионатта алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина Australian Open турнирін жеңіспен бастады

Sports.kz хабарлағандай, 1/64 финал кезеңінде WTA рейтингінде 25-орында тұрған Рыбакина әлемнің 48-ші ракеткасы италиялық Элизабетта Кочареттоға қарсы ойнады. Бірінші сетте Елена Рыбакина 7:5 есебімен алға озды. Екінші ойын да отандасымыздың жеңісімен аяқталды (6:3).

Келесі айналымда Рыбакина француз теннисшісі Селена Яничевич пен Словения өкілі Каджа Жуван арасындағы текетірестің жеңімпазымен кездеседі.

Ертең, 17 қаңтарда турнир корттарына басқа да қазақстандық теннисшілер, атап айтқанда Юлия Путинцева мен Александр Бублик шығады.