Аймақтар • 15 Қаңтар, 2023

Екібастұзда жылудан ажыратылған нысандар іске қосылды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта жылу желісі бірқалыпты жұмыс істеп тұр, соңғы тексерістер жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Екібастұзда жылудан ажыратылған нысандар іске қосылды

Қазіргі уақытта бұған дейін уақытша жылудан ажыратылған нысандар жылуға қосылды. Бұл – 20 көпқабатты тұрғын үй, 106 жеке тұрғын үй, 14 заңды тұлға және 2 әлеуметтік нысан.

«15 қаңтар күні сағат 13:30-да «4Л» жылу камерасынан М. Жүсіп көшесі, 124 мекенжайына қарай бекіту арматурасын қосу бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды. Жұмыстарды «Екібастұз жылу желілері» ЖШС жүргізді. 8 жұмысшы (2 дәнекерлеуші, 3 слесарь, 3 оқшаулағыш) және бір мамандандырылған техника жұмылдырылды», делінген әкімдік хабарламасында. 

Сондай-ақ сол күні сағат 9:00-ден бастап Амангелді көшесінен Бұқар жырау көшесіне дейінгі учаскеде жылу желісін жаңадан орнатылған желіге қайта қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Жөндеу жұмыстарына байланысты 48 жеке тұрғын үй уақытша жылудан ажыратылды. Жұмыстарды күннің соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.