Теннис • 12 Қаңтар, 2023

Елена Рыбакина Аделаида турнирінің финалына шықты

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елена Рыбакина жұптық сында Аделаида турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина Аделаида турнирінің финалына шықты

Елена ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге жартылай финалда жарыстың үшінші ракеткалары, украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік байқасып, 6:4, 7:5 есебімен басым түсті.

Олар соңғы бәсекеде чехиялықтар Мириам Колодзьежова – Маркета Вондроушова немесе бразилиялық Луиза Стефани – америкалық Тэйлор Таунсенд жұптарының бірімен бас жүлдені сарапқа салады.