Қазақстан • 12 Қаңтар, 2023

ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар беру конкурсы басталды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы 2023 жылға арналған ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар беруге конкурс жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар беру конкурсы басталды

Конкурс 47 мемлекеттік грантты іске асыруға, оның ішінде 22 қысқа мерзімді, 16 орта мерзімді және 9 ұзақ мерзімді жоба 6 сала бойынша жарияланды:

1) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

2) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;

3) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

4) қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту;

5) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

6) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу.

Барлық өтінімдер grants@cisc.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады. Сондай-ақ операторға өтінімді (құжаттарды) қолма-қол тапсыруға да болады.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының кеңсесі: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, 5 қабат, 504/3 кабинетте орналасқан.

Қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттарға өтінімдер операторға 12 қаңтар - 1 ақпан аралығында Астана уақыты бойынша 18.30-ға дейін, ұзақ мерзімді гранттарға 12 қаңтар - 15 ақпан аралығында Астана уақыты бойынша 18.30-ға дейін қабылданады.

Қосымша сұрақтар бойынша Орталық менеджерлеріне 8 (7172) 79-08-04, 79-08-28, 79-08-07 нөмірлері арқылы хабарласуға болады.

Байқау туралы толық ақпарат Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының сайтына орналастырылған.