Аймақтар • 12 Қаңтар, 2023

Абай облысында екі ауыл тұрғынынан қару мен оқ-дәрілер табылды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өткізу барысында Ақсуат ауданы ПБ қызметкерлері ауыл тұрғынынан заңсыз сақталған қаруды тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында екі ауыл тұрғынынан қару мен оқ-дәрілер табылды

Құмкөл ауылдық округінің 29 жастағы тұрғынының үйіне тінту жүргізу кезінде ТОЗ-8 бір ұңғылы мылтық пен төрт патрон табылып, тәркіленді. Маманның қорытындысына сәйкес, тәркіленген мылтық пен 5,6 калибрлі патрондар зауыттық тәсілмен дайындалған және атуға жарамды. Жауап алу барысында ер адам бұл мылтық 2020 жылы қайтыс болған марқұм ағасынан қалғанын айтқан. 

Сондай-ақ Аягөз ауданында полицейлер атыс қаруын заңсыз сақтау фактісін анықтады. 75 жастағы ер адамның үйін тексеру кезінде ТОЗ бір ұңғылы мылтық қаруы тәркіленді.

– Жоғарыда көрсетілген фактілер ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Абай облысы ПД КПБ бастығы Шалқар Құнанбаев.