Аймақтар • 11 Қаңтар, 2023

Алматыда коммуналдық қызметтер түні бойы қар тазалайды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қар жауа бастағаннан бастап қаладан 530 м3 қар шығарылды. Қар қалыңдығы 8-10 см, таулы аймақтарда 14 см-ге дейін жетті. Қазіргі кезде жолдарда көлік қозғалысы қауіпсіздігі қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда коммуналдық қызметтер түні бойы қар тазалайды

Көлік ағынының тығыз болуына байланысты жолдың бойымен толығымен қамтып өтетін қар тазалаушы машиналар колоннасы көліктер азайғаннан кейін түнгі уақытта жұмыс істейді.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында 143 құмшашқыштың күшімен жолға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр. Осы уақытқа дейін 1827 тонна материал пайдаланылды.

Түнгі уақытта қала көшелерінде 460 арнайы техника мен 360 жұмысшы қызмет етеді.