Футбол • 11 Қаңтар, 2023

Қазақстан U-17 құрамасы Минскте өтетін турнирге қатысады

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 5-11 ақпан аралығында Минскте өтетін «Даму кубогы» халықаралық турнирінде ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан U-17 құрамасы Минскте өтетін турнирге қатысады

Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны 27 қаңтарда Астана қаласында басталады деп жоспарланған.

Трофей үшін сегіз құрама таласады: Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Иран, Беларусь (барлығы – U-17), сондай-ақ 16 жасқа дейінгі Беларусь және Ресей құрамалары.

Командалар екі топқа бөлінеді. «А» тобында біздің команда Беларусь, Өзбекстан және Ресей U-16 құрамаларымен ойнайды. «В» тобы Беларусь U-16, Ресей, Тәжікстан және Иран командаларынан тұрады.

Даму Кубогы-2023 матчтарының кестесі (Астана уақытымен):

5 ақпан (жексенбі)

13:30 Қазақстан – Ресей U-16

15:50 Ресей – Тәжікстан

18:10 Беларусь U-16 – Иран

21:00 Беларусь – Өзбекстан

7 ақпан (сейсенбі)

14:00 Қазақстан – Өзбекстан

16:20 Ресей – Иран

18:40 Беларусь U-16 – Тәжікстан

21:00 Беларусь – Ресей U-16

9 ақпан (бейсенбі)

14:00 Ресей U-16 – Өзбекстан

16:20 Тәжікстан – Иран

18:40 Беларусь U-16 – Ресей

21:00 Беларусь – Қазақстан

11 ақпан (сенбі)

13:00 «А» тобының төртінші орны – «В» тобының төртінші орны

15:20 «А» тобының үшінші орны – «В» тобының үшінші орны

17:40 «А» тобының екінші орны – «В» тобының екінші орны

20:00 «А» тобының жеңімпазы – «В» тобының жеңімпазы.