Елорда • 11 Қаңтар, 2023

Елордалық мешіттер қайырымдылық науқанын ұйымдастырды

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда мешіттерінің меценаттары астаналықтарға тегін такси мен ыстық ас ұйымдастырды. Науқанға «Көктал» мешітінің бастауымен қаланың барлық мешіті атсалысты, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордалық мешіттер қайырымдылық науқанын ұйымдастырды

Науқан аязды күндері тұрғындарды қала бойынша тегін тасымалдайтын 20 жүргізушінің жұмысынан басталды. Жүргізуші ретінде мешіттердің имамдары мен шәкірттері қатысты.

«Мұндай акцияларды бірнеше жылдан бері өткізіп келеміз. Астананың аязды күндерінде азаматтарымызға қол ұшын созғымыз келеді. Басқа жүргізушілерді де акцияға қосылуға және тұрғындарға көмектесуге шақырамыз», деді «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов.

Еріктілер жол жұмысшыларына ыстық шай мен палау таратты. Коммуналдық ұйымдардың 200-ге жуық қызметкері қамтылды. Жұмысшылардың барлығы қала бойыша қар күреп жүрген адамдар. 

Сонымен қатар жылыту маусымының соңына дейін демеушілік көмек арқылы мешіт бірқатар отбасыға көмір сатып алуға және азық-түлік себеттерімен қамтамасыз етуге көмектеседі. Тұрғындарды тегін тасымалдау науқаны аязды күндердің соңына дейін жалғасады. Тегін таксилерді автомобиль корпусындағы жапсырма арқылы ажыратуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл күндері Астанада саршұнақ аяз орнап тұр, термометр бағаны -30 градустан төмен көрсетіп тұр. Қаланың коммуналды қызметтері күндіз-түні тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Елорда тұрғындары мен қонақтары мұндай жағдайда абай болуы, көктайғақ кезінде қозғалыс ережелерін қатаң сақтауы және жарақат пен үсіктің алдын алу үшін көшеде ұзақ уақыт болмауы қажет.

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше