Аймақтар • 07 Қаңтар, 2023

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді

«Өскемен-Горная Үлбі-Солтүстік» бағытының учаскесінде жалпы көлемі 150 текше метр қар көшкіні жүрді. Бұл кезде жол жабылған еді. Жауапты мекеме қызметкерлері жолды қардан тазалады», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен. 

«Казселенқорғау» мамандары жасанды жолмен қар көшкінін түсірді. Қыс басталғалы облыста 80 мың текше метрден астам қар түсті.