Аймақтар • 06 Қаңтар, 2023

Абай облысында қар құрсауында қалған жүкті әйел құтқарылды

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысы бойынша соңғы тәулікте адамдарды қар құрсауынан эвакуациялау бойынша құтқару жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында қар құрсауында қалған жүкті әйел құтқарылды

«5 қаңтар күні таңертең «112» пультіне Аягөз қаласы аудандық ауруханасының бас дәрігерінен Аягөз ауданы Нарынка ауылдық округінің Шынқожа ауылынан жүкті әйелді Аягөз қаласының аудандық ауруханасына жедел жеткізуді талап етілетіні туралы хабарлама келді.

Шақыру орнына №13 өрт сөндіру бөлімінен құтқарушылар - 1 Нива Марш жоғары өтімді техникасы және жеке құрамның 2 адамы шықты.  Оқиға орнына келгеннен кейін жүкті әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетілді», делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жұмыс барысында құтқарушылар қажетті білікті көмек көрсету үшін Аягөз қаласының перзентханасына әйелді жеткізді.