Аймақтар • 05 Қаңтар, 2023

ШҚО-да қар көшкіні жүрді

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Өскемен - Таулы Үлбі - Северное» (Глубокое ауданының 31 км) облыстық маңызы бар автожол учаскесінде жалпы көлемі 600 м текше метр қар көшкіні өздігінен түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да қар көшкіні жүрді

«Қазселденқорғау» ММ мәліметінше,  жол алдын ала жабық болатын. Қазіргі уақытта учаскені жол қызметтерінің техникасы тазартып жатыр. Жол уақытша жабық күйінде қалады.

ШҚО ТЖД бірнеше күн бойы қатты жел мен қардың жаууына байланысты көшкін қаупі туралы ескерткен.

Сонымен қатар бүгін «Өскемен-Алтай» учаскесінде көшкіндерді мәжбүрлеп түсіру жүргізілді.

«Беткейлерден қар массаларын бақыланатын түсіру жұмыстары жүргізіле бастады. Алдын алу іс-шараларын жүргізе отырып, біз жағдайды тұрақтандырамыз және сол арқылы тұрғындар мен автожолдар учаскелері арқылы өтетін көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Нәтижесінде учаскеде 4 рет қар түсірілді, барлығы 8200 текше метр қар түсті. Алдағы күндері бұл профилактикалық жұмыс жалғасады», деді «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.

ШҚО ТЖД өңірде қар көшкіні қаупінің сақталатынын хабарлайды. Тұрғындар құтқарушылардың ұсынымдарына немқұрайды карамауға және таулы жерлерге, көшкін қаупі бар учаскелерге бармауға тиіс. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.