Қоғам • 05 Қаңтар, 2023

Әлихан Смайылов елордадағы Әбу Насыр әл-Фараби мешітіне барды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайылов елордадағы Әбу Насыр әл-Фараби мешітіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлихан Смайылов елордадағы Әбу Насыр әл-Фараби мешітіне барды

Үкімет басшысы қаңтар оқиғасы құрбандарының рухына дұға бағыштап, құрбан шалды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, былтыр қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштаған еді.