Оқиға • 04 Қаңтар, 2023

Көкшетау маңындағы шаңғы курортында жасөспірім көз жұмды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астананың 16 жастағы жасөспірім тұрғыны Көкшетау маңындағы тау шаңғысы курортында шаңғы теуіп жүріп қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетау маңындағы шаңғы курортында жасөспірім көз жұмды

Ақмола облысы бойынша полиция департаментінің мәліметінше, 2 қаңтарда сағат 17:25-те Зеренді аудандық полиция бөлімшесіне шаңғы базасының меңгерушісінен оқыс жағдай туралы хабарлама келіп түскен. Анықталғандай, елорданың кәмелетке толмаған тұрғыны (2006 жылы туған) Садовое ауылынан 10 шақырым жерде шаңғы тебуге арналған аймақта қайтыс болды.

«Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы келді. Кәмелетке толмағанның шаңғы базасына ата-анасымен демалуға келгені анықталды. Жас жігіттің денесін екі демалушы тауып алған. Жігіт шаңғы жолына түсу кезінде ағашқа соғылып, құлап, есін жимай, сол жерде қайтыс болды», деп хабарлады Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Жігіт жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.