Теннис • 02 Қаңтар, 2023

Елена Рыбакина Австралияда өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Австралияның Аделаида қаласында өткен беделді жарысты сәтті бастады. Әйелдер арасындағы WTA 500 жарысында қазақстандық спортшы америкалық Даниэла Коллинзді жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина Австралияда өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады

Елена Рыбакина жеке сында Adelaide International 1 және әлемнің 14-ші ракеткасы Даниэла Коллинзді жеңді. Қазақстандық теннисші 2 сағат 21 минут ойнап, үш ойында 5:7, 6:2, 6:3 есеп көрсеттә. Сонымен бірге ол әйгілі американдыққа қарсы 14 эйс орындады. Осылайша, Рыбакина ресми турнирдегі маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Енді Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте 69-орында тұрған Украина өкілі Марта Костюкпен кездеседі.