Қоғам • 30 Желтоқсан, 2022

Биыл жол апатынан 200-ден астам бала қайтыс болды

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев қазақстандық жолдарда балалардың қауіпсіздігін арттыру шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл жол апатынан 200-ден астам бала қайтыс болды

«Бала – басты жолаушы» жобасын іске қостық, онда балалардың жолда қауіпсіз жүріс-тұрысын сақтау бойынша профилактикалық сабақтар мен тренингтер өткізіледі. Сабақта полицейлер оқушыларға жолда жарақат алмас үшін сақ болу керек, жол белгілері не үшін қажет және бағдаршам қандай қызмет атқаратынын айтып береді. Өткізілген іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желі парақшаларында кеңінен жариялануда. Мұның балаларға белгілі бір әсері бар», деді Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биыл балалардың қатысуымен 3090 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 232 бала қаза тауып, 3652-сі жарақат алған.

Соңғы 5 жылда жасөспірімнің қатысуымен болған жазатайым оқиғалардың саны 6,8%-ға азайды.

«Петропавлда тәртіп сақшылары 400 оқушыны полицияның бұйрығымен түсірілген «Тұздар мен дәмдеуіштер» және «Ешқайда апармайтын жол» фильмдерін тамашалауды ұйымдастырды. Мектеп оқушылары мен студенттердің ішкі істер органдарының мекемелеріне баруы, учаскелік инспекторлар мен патрульдік қызметкерлерінің қызметтік көліктерін көрсету ұйымдастырылды. Балалар үлкен әсер алды», деп атап өтті ІІМ өкілі.