Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2022

ШҚО полицейлері «Пиротехника» іс-шарасын өткізіп жатыр

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан аумағында 25 желтоқсаннан бері «Пиротехника» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

ШҚО полицейлері «Пиротехника» іс-шарасын өткізіп жатыр

Жаңа жыл қарсаңындағы қауіпсіздіктің алдын алу үшін сатылымдағы, айналымдағы пиротехникалар тексерілді. Сонымен қатар өрт сөндіру қызметкерлері қолданудағы қауіпсіздік шараларымен таныстырды. Аталған рейдтік шара 3 қаңтарға дейін жалғасын табады.

Өскемен полиция басқармасының азаматтық қызметтік қаруды бақылау бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Е.Сағатовтың мәліметінше, пиротехникалық заттар сатылатын дүкендер, базарлар, жаппай сауда қоймалары 3 қаңтарға дейін құқық қорғау органдарының қадағалауында болады.