Қоғам • 28 Желтоқсан, 2022

СҚО-да лауазымды тұлға пара алған

544 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында аудандық шенеунік пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да лауазымды тұлға пара алған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ақпаратына қарағанда, М.Жұмабаев ауданы білім бөлімінің басшысы Сара Рамазановаға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Рамазанова Петропавлдың мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.

С. Рамазанова көптеген жылдар бойы білім саласында жұмыс істеген. Бірнеше жыл Мамлют ауданының, Петропавл қаласының білім бөлімін және 2020 жылдан бастап М. Жұмабаев атындағы ауданның білім бөлімін басқарды.