Ауа райы • 28 Желтоқсан, 2022

28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабалайды Egemen.kz.

28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК хабарлағандай, елдің батыс өңірлерінде қар аралас жауын-шашын күтіледі, солтүстік-батыста, солтүстікте, елдің орталығында атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуімен қар жуып, оңтүстікте жауын-шашын болады.

Синоптиктер атап өткендей, Қазақстанның оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде - тұман, батысында, оңтүстігінде - көктайғақ, батысында, оңтүстік-шығысында, шығысында - жел күшейеді деп күтілуде.

Астанада ауыспалы бұлттылық байқалады, күндіз аздаған қар жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -16-18°С, күндіз -9-11°с.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. 0-5 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -4-6°С, күндіз + 2 + 4°С.

Шымкентте ауыспалы бұлттылық, кейде жауын-шашын жауады. Оңтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыс жел 5-10 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0, -2°С, күндіз + 6 + 8°С.