Қаржы • 24 Желтоқсан, 2022

Әлемдік мұнай бағасы қымбаттады

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лондон ICE биржасында Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 5 желтоқсаннан бері алғаш рет барреліне 84 доллардан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемдік мұнай бағасы қымбаттады

Лондон ICE биржасының мәліметтері бойынша Мәскеу уақытымен 22:29-да ресурстың бағасы 3,74%-ға көтеріліп, барреліне 84,01 долларға жетті.

Мәскеу уақытымен 22:40-та мұнайдың құны барреліне 83,93 доллар деңгейінде болды (+3,64%).

Бұл ретте WTI маркалы мұнайға қаңтар фьючерстері 2,94%-ға, яғни барреліне 79,77 долларға дейін өсті.

Айта кетсек, 8 желтоқсанда Brent мұнайының бағасы 2021 жылдың желтоқсанынан бері алғаш рет 7 76-дан төмен түсті.