Қаржы • 23 Желтоқсан, 2022

Нарықта доллар бағасы төмендеді

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 461,97 теңгені құрап, бірден 4,70 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Нарықта доллар бағасы төмендеді

Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 6,61 теңгеге дейін өсті (+0,05).

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы төмендеп, 66,02 теңгені (-1,00) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 497,15 теңгеге, рубльді - 6,48 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде доллар 464-468 теңгеден, еуро - 490-496 теңгеден, ресей рублі - 6,4-6,8 теңгеден сатылады/сатып алынады.

Сондай-ақ 23 желтоқсандағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы біршама өсті.

Мәселен Лондондағы ICE Futures биржасындағы Brent маркасының ақпан фьючерстері 1,82%-ға қымбаттап, барреліне 83,70 долларды құрады.

NYMEX тауар биржасының электрондық сауда-саттығында WTI ақпан фьючерстерінің бағалары 1,79%-ға өсіп, барреліне 79,69 долларға жетті.