Қоғам • 23 Желтоқсан, 2022

Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда ресми түрде 13 951 шетелдік азамат жұмыс істейді. Мұндай деректерді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Шетелдіктердің басым бөлігі мына салаларда қызмет етеді:

  • құрылыс - 5780 адам (42%);
  • тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу - 1476 адам (11%);
  • кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 1057 адам (8%);
  • өңдеу өнеркәсібі - 953 адам (7%);
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы - 547 адам (4%).

Жалпы Қазақстанға Қытайдан - 3518 адам, Үндістаннан - 1645 адам, Түркиядан -1577 адам, Ұлыбританиядан - 1091 адам, Өзбекстаннан - 693 адам келді.

Айта кетсек, жыл сайын ведомство республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота бөледі.

Биылғы жылдың қаңтар айында министрлік ШЖК тарту квотасын бұрын жоспарланған 28 352 бірліктен 21 097 бірлікке дейін, яғни 7 255 бірлікке (25%-ға) қысқартты. Осы жылдың желтоқсанында квота қосымша 997 бірлікке қысқартылып, жалпы саны 20 100-ді құрады.