Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2022

Қарағанды ​​облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыдан Балқашқа және Теміртаудан Қарағандыға дейінгі жолдарда көліктің барлық түрлеріне шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды ​​облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Республикалық маңызы бар жолдарда 560-қа жуық арнайы жедел техника мен 900-ден астам жол мамандары жұмыстарын жалғастыруда.

«Қарағанды ​​облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдарға шектеу енгізілді. Сондай-ақ жүргізушілерден тас жолдың жабылуы туралы хабарламаларды мұқият қадағалауды сұраймыз. Төтенше жағдай туындаған жағдайда жүргізушілер мен жолаушыларға 1403 қысқа нөмірі бойынша «Қазавтожолдың» тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығына хабарласу ұсынылады», деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметінен.