Қоғам • 20 Желтоқсан, 2022

Орталық Азия елдері медиа саласында байланыстарды нығайтуы керек - Е.Қарин

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада өтіп жатқан бірінші Орталық Азия медиа форумында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Орталық Азия елдері арасында түрлі салада байланыстарды нығайту керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орталық Азия елдері медиа саласында байланыстарды нығайтуы керек - Е.Қарин

Ерлан Қарин Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Қазір Орталық Азия өзіндік маңызы бар аймаққа айналды. Осы ретте ол медиа саласында, мәдени-рухани бағытта, қоғамдық-саяси өмірде байланыстарды нығайту қажет екенін айтты.

«Бүгін тұңғыш рет өтіп жатқан Орталық Азия медиа форумы айрықша рөл атқарады деп ойлаймын. Мұндай алқалы жиындар арқылы аймақтық бірегейлігіміз дамиды, тұтастығымыз беки түседі. Қазақстан бұл бағыттағы жұмыстарды қолдауға, бастамаларды жүзеге асыруға әрқашан дайын. Бүгінгі медиа форумның елордамызда өтуі соның айқын дәлелі. Сондықтан форумда Орталық Азия елдерінің ортақ мүддесіне сай келетін келелі ой-пікірлер айтылады деп сенемін», деді Ерлан Қарин.