Ауа райы • 20 Желтоқсан, 2022

Еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет мәліметінше, Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады.

Астана қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде, батысында жел 23-28 м/с жылдамдықпен соғады.

Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, орталығында көктайғақ болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз оңтүстігінде, орталығында бұрқасын болады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында жел 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар). Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, орталағында бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 23 м/с.

Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында бұрқасын болып, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с, облыстың батысында екпіні 25 м/с жел күтіледі.