Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2022

Екібастұздағы білім беру нысандары тексерілді

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыс әкімі өзінің Instagram  парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұздағы білім беру нысандары тексерілді

- Екібастұздық балалардың үйде отырғандары жеткілікті деген ойдамын. Қаланың білім беру нысандарының оқушыларды қабылдауға дайындығын тексердім. № 1 мектеп-лицейде жылумен жабдықтау қысымы жеткіліксіз болып шықты. Мәселені энергетиктермен бірге сол жерде қарастырдық, -  деп жазды аймақ басшысы.

Мамандардың айтуынша, жылыту жүйесін толықтай жуу қажет. №11 орта мектептің де жағдайы дәл осындай. 

- Жылу беру жүйесін жуу жұмыстарын жеделдетіп бастауды және жақын күндері жылумен жабдықтау жүйесін толыққанды бірқалыпқа келтіруді тапсырдым, - деді Асайын Байханов.

Қазіргі таңда №25 балабақшадағы жылыту радиаторлары қалпына келтірілді. Жоспары бойынша дүйсенбіге дейін температура қалыпқа келуі қажет.

- Екібастұздың білім беру мекемелерінің жұмысын жеделдетіп жандандыру міндетін қойдым. Жасөспірім қала тұрғындары мүмкіндігінше тезірек мектептер мен балабақшаларға оралуы керек, - деп түйіндеді сөзін.