Оқиға • 15 Желтоқсан, 2022

Павлодар автовокзалында жанжал болды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл факт қаланың Солтүстік полиция бөлімінде тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар автовокзалында жанжал болды

Фото: Константин Шелков

Белгілі болғандай, жанжал кезінде 34 жастағы павлодарлық өзінің танысы Алматы облысының 35 жастағы тұрғынының аяғына пышақ сұғып алған.

Ер адам қазір ауруханада жатыр. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 107-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.