Ауа райы • 12 Желтоқсан, 2022

Ертең еліміздің басым бөлігінде ауа райы ашық болады

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертең еліміздің басым бөлігінде ауа райы ашық болады

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың солтүстігінде, шығысында бұрынғыдай атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауып, бұрқасын жалғасады.

Республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, оңтүстік, оңтүстік-шығыста тұман түседі.

Астанада көшпелі бұлт шығады. Батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -13...-15°С, күндіз -8...-10°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығып,  0-5 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -10...-12°С, күндіз -1...-3°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Шығыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -7...-9°С, күндіз +1...+3°С.