Президент • 12 Желтоқсан, 2022

Азаматтардың табысын арттыруға назар аударамыз – Президент

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын қорытындылап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азаматтардың табысын арттыруға назар аударамыз – Президент

«Биыл елімізде аса маңызды өзгерістер болды. Ауқымды конституциялық реформа жүзеге асырылды. Президент сайлауы өтті. Елді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған бастамаларымызға Қазақстан халқы қолдау білдірді. Енді сайлау қарсаңында жария етілген стратегияны орындау үшін бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – ең басты міндет. Менің сайлау алдындағы бағдарламамда еліміздің жаңа бағдары айқындалды. Біз азаматтардың табысын арттырып, өмір сапасын жақсартуға баса назар аударатын боламыз. Мақсатымыз – айқын, міндеттер – белгілі. Енді білек сыбана жұмыс істеу керек», деді Президент. 

Мемлекет басшысы осы орайда бірнеше бағыттарға ерекше мән беру қажет екенін айтты.