Елорда • 10 Желтоқсан, 2022

Астанада кәріз құдығының қақпағын ұрлағандар ұсталды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полицияға белгісіз тұлғалардың бірнеше рет кәріз қақпақтарын ұрлау фактісі бойынша арыз түскен, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

Астанада кәріз құдығының қақпағын ұрлағандар ұсталды

Аталған факті бойынша 30 және 35 жастағы астаналық азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында ер адамдар он күн қатарынан Медеу, Қарталы, Оқжетпес, Ұлытау, Баршын көшлерінде куәгерлердің жоқтығына көз жеткізіп, ұрлық жасаған. Күдіктілер барлығы 16 қалпақ ұрлап, металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсырып үлгерген.

Сату сәті бейнебақылау камераларының шолуына түстіп қалған.