Ауа райы • 09 Желтоқсан, 2022

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында баяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың шығысында батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Петропавлда күндіз баяу бұрқасын күтіледі.

Жетісу облысының таулы аймақтарына тұман түседі.

Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман күтіледі. Күндіз тауда бұрқасын болады, таулы аймақтарда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі.