Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде «Ашық сағат алаңында» отандық авиакомпаниялардың әуе кемелері паркін толықтыру мәселелеріне арналған кеңес өткізілді. Алқалы жиынның күн тәртібінде әуе компанияларының ұшу бағыты кестелерін уақтылы орындаудың маңыздылығы, сондай-ақ рейстердің кешіккен немесе тоқтатылған жағдайда жолаушылардың құқықтарының сақталуы жөніндегі мәселелер қаралды.

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңына сәйкес рейстің кешігуіне әуе компаниясы кінәлі болған жағдайда жолаушыларға салқын сусын, ыстық тамақ, қонақүйде тұру мен оған барып-қайтуға дейін көлік тегін түрде ұсынылуға тиіс», деді Азаматтық авиация комитеті авиациялық тасымалдар басқармасының басшысы Әділет Көбенов.
Бұл орайда көрсетілетін қызметтер талапқа сай ұсынылмаған жағдайда әуе компаниясы әкімшілік жауапқа тартылатынын айта кету керек. Шілдеден бастап рейстердің кешігуі салдарынан жолаушылардың құқықтары сақталмағандықтан қазақстандық әуе компанияларына 8 мың (8 рет) АЕК сомасына дейін айыппұл салынған. Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жолаушылар жұмсалған әр сағат үшін билет құнының 3 пайызы мөлшерінде (айыппұл түрінде) өтемақы алуға құқылы.
Өз кезегінде отандық әуе компаниялары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың әуе кемелері паркін ұлғайтуға қатысты тапсырмасының орындалуы жөнінде айтып берді. Мәселен, биыл шілдеден бастап қазақстандық тасымалдаушылардың әуе паркі 7 ұшақпен толықтырылды. Атап айтқанда, SCAT компаниясы 5 ұшақ алса, Fly Arystan және «Эйр Астана» әуе операторлары бір-бір ұшаққа қол жеткізді. Бұдан бөлек әуе тасымалдаушылар жаңа ұшақтарды алуға байланысты алдағы жоспарларымен де бөлісті. Мысалы, SCAT компаниясы «Б-737» үлгідегі тағы 2 әуе кемесін, сонымен бірге Fly Arystan мен «Эйр Астана» тағы да бір-бір ұшақтан сатып алуды көздеп отыр. Қазір компаниялар жаңа бағыттарды ашу мен қолданыстағы маршруттардың рейстерін көбейту бойынша жұмысты іске асырып жатқанын айта кетейік.
Бұған қоса кеңесте рейстер кешіктірілген жағдайда жолаушылардың жауапкершілігін күшейту жөніндегі қазіргі заңнаманы жетілдіру жоспарлары да айтылды.
Авиациялық тасымалдар басқармасының басшысы А.Көбенов қазақстандық әуе тасымалдаушылардың назарын рейстерді уақтылы орындауға, сондай-ақ олар кешіктірілген кезде жолаушылардың құқықтарын қатаң сақтау қажеттілігіне аударды.
Түркияның орталығында жаңа жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 10:32
Семейдегі коммуналдық апат: 16 аула мен 6 үйді су басып қалды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Қазақстанның құтқарушылар жасағы Түркияға аттанды
Қазақстан • Бүгін, 10:18
ОСК-ға қандай партиялар құжат тапсырды?
Қоғам • Бүгін, 10:01
Биыл 1,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Қоғам • Бүгін, 09:56
Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
Оқиға • Бүгін, 09:45
Түркияда ұлттық аза тұту күні жарияланды
Әлем • Бүгін, 09:33
Екі сәбиін сатты деген күдікті әйел анықталды
Оқиға • Бүгін, 09:21
Түркия мен Сириядағы құрбандар саны 3500 адамнан асты
Әлем • Бүгін, 09:13
7 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:08
Коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Саясат • Бүгін, 08:58
Субсидия: онлайн алудың жолы оңай болмай тұр
Субсидия • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:50
Еңбек • Бүгін, 08:45
Төтенше жағдай • Бүгін, 08:40
Татами табандылықты талап етеді
Спорт • Бүгін, 08:35
Ауыл • Бүгін, 08:30
Аймақтар • Кеше
Ғылым • Кеше
Партия • Кеше
Отбасы • Кеше
Әлем • Кеше
Жеңілдетілген автонесие: кезекке тұрудың әлегі
Несие • Кеше
Гарвардтағы қазақ ғалымының жобасы
Ғылым • Кеше
Қоғам • Кеше
Құқық • Кеше
Аймақтар • Кеше
Төтенше жағдай • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Жалпыұлттық деңгейге көтерілген газет
Тарих • Кеше
Ахмет Жұбановтан бата алған дарын
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Алматы облысының аты озған спартакиада
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Ұқсас жаңалықтар