Спорт • 08 Желтоқсан, 2022

Кіші «күміске» ие болды

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Колумбияның бас шаһары – Боготада өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатының алғашқы күнінде қазақстандық Арли Чонтей жарыс жолына шықты.

Кіші «күміске»  ие болды

55 кило салмақ дәрежесінде өнер көр­сеткен жерлесіміз, өкінішке қарай, былтырғы жетістігін қайталай алмады. Ташкенттегі додада топ жарған Чонтей Боготадағы бәсекенің қоссайысында 259 (118+141) кило зілтемірді еңсеріп, жүлдеге сынық сүйем қалғанда сүрінді. Бұл нәтижемен ол жалпы есепте төртінші орынға тұрақтады. Дегенмен жұлқа көтеру бағдарламасында 118 килоны көтеріп, әлем чемпионатының кіші «күміс» жүлдесіне ие болды.

Ал бұл салмақтың бас жүлдесі қоссайыста 265 килоны (117+148) басынан асыра көтерген Таиланд өкілі Тхирапонг Силачайдың еншісінде кетсе, күміс медаль Вьетнам спортшысы Сон Дин Нгоге бұйырды. Ол екі жаттығуда 260 килоны (117+143) еңсерді. Ал Чонтейден бір кило артық көтерген Корея өкілі Ким (260 кг, 115+145) үздік үштікті қорытындылады.