Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2022

Еліміздегі 9 қалада атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша Қазақстандағы 9 қалада атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздегі 9 қалада атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары

Бұл Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен және Шымкент қалалары. Өткен жылы мұндай қалалардың саны 10 болған. Алайда, осы жылдың басында жоғары деңгейден орта деңгейге өткен Жезқазған қаласы тізімнен шығарылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов айтып берді.

Оның айтуынша, еліміздің экологиясына ең алдымен бизнес қауымдастық әсер етеді.

«Сондықтан бүгінде бизнес өкілдерінің өздері табиғаттың игілігі үшін экологтармен бірігіп жұмыс істеуге тырысады. Отандық ірі бизнес өкілдерінің қатарына Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. (NCOC), «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «АрселорМиталл Теміртау» АҚ, Казцинк, Ақтөбе мұнай Газ СНПС, ERG компаниялар тобы секілді өнеркәсіптер кіреді. Олардың әрқайсысы экологияға жеке әсер ететіні бәрімізге белгілі. Бұл компаниялар орналасқан өңірлердің тұрғындары күн сайын олардың әсері туралы, соның салдарынан облыс экологиясының нашарлауы туралы шағымдарын айтады. Алайда біздің тараптан тиісті түрде шаралар қабылданып жатыр», деді спикер.