Спорт • 07 Желтоқсан, 2022

Роналду өзі жайлы жалған ақпарат тарағанын айтты

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Швейцарияға қарсы ойыннан (6:1) кейін жақын арада саудиялық «Әл-Наср» клубының ойыншысы болатыны туралы ақпаратқа қысқаша түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Роналду өзі жайлы жалған ақпарат тарағанын айтты

«Жоқ, бұл жалған», деді ол.

Бұған дейін БАҚ 37 жастағы Роналду «Әл-Наср» клубымен 2,5 жылға келісім-шартқа отырғанын, оның бір маусымдағы жалпы табысы жарнамалық келісімшарттарды қосқанда 200 миллион еуро болатынын хабарлаған еді.

Айта кетейік, Роналду қазір ешқандай клуб құрамында жоқ. Ол қараша айында португалдық Манчестер Юнайтедпен келісім-шартты бұзды.