Технология • 07 Желтоқсан, 2022

Жапония поштасы хаттарды дрондармен жеткізеді

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның пошта қызметі 2023 жылдың сәуірінен бастап дрондар арқылы хаттар мен сәлемдемелерді жеткізуге ниеттеніп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жапония поштасы хаттарды дрондармен жеткізеді

Арнайы жасалған дрон салмағы 5 кг-ға дейінгі жүктерді 35 шақырымға дейінгі аралықта тасымалдауға қабілетті.

Бұл әдіс негізінен Күншығыс елінің таулы аймақтарында және курьерлері аз шалғай аралдарға хат-хабарларды жеткізу үшін қолданылмақ.

Айта кетейік, Жапонияда азаматтық авиация туралы заңға ұшқышсыз ұшқыштарды тұрғын аудандарда пайдалануға рұқсат беретін түзетулер енгізілді. Бұған дейін ұшқышсыз ұшқыштар тек адам тұрмайтын аумақтардың үстінен ұшу үшін ғана қолданылатын.